Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау

Бүгін Талдықорған қаласының Сервистік әкімдігі ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Қ.Манап мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген қала тұрғындары өздерінің сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Қ. Манап қабылдау барысында бірнеше азаматтың мәселесін өзіне түртіп алып, жұмыс барысында аяғына дейін жеткізетінін тілге тиек етті.

Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен барлық аудан/қалалардағы «Сервистік әкімдіктерде» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынсатары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері басшыларының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша облыс тұрғындары үшін азаматтарды қабылдау өткізілді.

Азаматтардың барлық сұрақтарына бөлім басшыларымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті түсініктемелер берілді.

Жалпы облыс бойынша 173 азамат қойылған сұрақтарына жауап алды.

Бұл іс шара “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті