Елімізде вирустың жаңа штамы анықталды

Елімізде вирустың жаңа штамы анықталды

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі шілде-тамыз айларында коронавируспен ауырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізген. 96 үлгіні секвенирлеу нәтижесінде елімізде бірнеше штамм тіркелген. Атап айтқанда, Delta «үнді штамы» — 57 адамнан (59,4%), Alpha «британиялық штамы» — 24 адамнан (25%), «Ухань» коронавирусы — 10 адамнан (10,4%) және Eta «Нигерия штамы» — 5 адамнан (5,2%) анықталған. Ал жаңа Eta «Нигерия штамы» Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Нұр-Сұлтан төрт өңірлерінде тіркелген. Алексей Цой «Eta» штамы туралы 2020 жылдың желтоқсан айында белгілі болғанын айта кетті. Коронавирустың бұл түрін жұқтырғандар ең алдымен Нигерия мен Ұлыбританияда тіркелген екен.

Соңғы тәулікте келіп түскен ақпаратқа сүйенер болсақ, ауданымызда барлығы COVID -19 инфекциясын 24 адам жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 10 ер адам, 14 әйел. Симптомдарды жұқтырғандардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылды.
Ал «Ashyq» бағдарламасы бойынша ауданымызда 859 кәсіпкерлік объектілері жұмыс істейді. Қарасай батыр және Талғар ауданының орталық аймақтық ауруханасында пневмониямен және жедел респираторлық вирустық инфекциялармен 188 адам емделуде. Қазіргі статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, ауданымызда Спутник V, Хайат ОАЭ, Короновак, Казвак, Синофарм вакциналарынның бірінші копмнентін 55425 адам алса, екінші компонентін 46830 адам алған.

Талғар-ақпарат