Қарсы шаралар қатаң қолға алынуда

Қарсы шаралар қатаң қолға алынуда

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналды. Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып отыр.

Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол – әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе ол-жемқорлық. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсаты да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бағдарламалардың іске асырылуына және жемқорлықты бір жолата жою мақсатында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбына арналған көптеген семинар-тренингтер жүргізіп, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткізілуде.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға , сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген. «Қазақстан-2030» – даму стратегиясында көрсетілген сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шаралары құқықтық мемлекеттің пайда болуы мемлекеттік қызметінің жаңашылдануымен тығыз байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрқайсымыздың басты міндетіміз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет.

Қуат Ерзатұлы,
аудандық қазынашылық басқарма
басшысының орынбасары