Вакцинаның 2,5 миллион дозасы

Вакцинаның 2,5 миллион дозасы

Қазақстанда тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталады. Ол үшін 2,5 миллион доза ресейлік вакцина сатып алынды. «Биыл бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 2,5 миллион дозасы сатып алынды. Вакцинада алдағы маусымға қарсы штамдар бар. Бұл ДДСҰ ұсынған 10 пайызға қарағанда, жалпы халқының шамамен 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», — деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде. Қазақстанда ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйектен басталады.

Талғар-ақпарат