Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер

Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер

25 шілде -Талғар ауданының Бесқайнар, Бесағаш, Алатау,
Панфилов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы

Алматы облысы, Талғар ауданы,
Панфилов ауылдық округі әкімі
лауазымына үміткер
ӘБДРАЙМОВ
ЖАСҰЛАН БЕКҰЛАНҰЛЫ

ӨМІРБАЯНЫ

Мен, Әбдраймов Жасұлан Бекұланұлы 1978 жылдың 19 ақпанында Алматы облысы, Райымбек ауданының Текес ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары. Қазақ мемлекеттік Спорт және Туризм академиясын тәмамдап, педагог оқытушы және спорт жаттықтырушысы мамандығын игеріп шықтым. 1995 жылы «Өрнек» шаруа қожалығында жұмысшы болып еңбек жолымды бастадым. 2001 жылдан бастап Текес ауылындағы Қ. Шорманов атындағы орта мектепте мамандығым бойынша дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы және спорт жаттықтырушысы болып жұмыс атқардым. 2005 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, қаладағы №33 мектепте, 2007 жылы Алматы қаласындағы Индустриялық колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы болып жас ұрпақ тәрбиесіне үлесімді қостым. 2009 жылы «Trevor Express» ЖШС -де еңбек еттім. 2013 жылы Алматы қаласындағы «Әділет» колледжінде, 2015 жылы № 37 орта мектепте ұстаздық қызмет еттім. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ Бас Сәулет Құрылыс академиясында жұмыс атқарып келемін. Отбасылымын, бес бала тәрбиелеп отырған әкемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Егер де мен ауылға әкім болып сайланатын болсам, алдағы төрт жылда:
— Әрбір ауылда спорт алаңдарын ашып, спортқа қолдау көрсетемін;
— Ауылымыз ауылшаруашылықты аймақ болғандықтан ауылшаруашылығын дамытуға үлесімді қосып, шаруаларға қолдау көрсетемін;
— Жарығы жоқ көшелерді жарықтандыру мәселесін шешу үшін бюджеттен қаражат бөлінуіне ықпал етемін;
— «Өлі разы болмай, тірі байымайды» демекші, ауылдағы зиратты қоршау мәселесін қолға аламын;
— Ауыз су мәселесін шешуге атсалысамын;
— Жаңа мешіт салуға жер бөлу мәселесін қолға алып, ескі мешітті жаңарту жолдарын қарастырамын;
— Ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға, ынтымақтастықты орнатуға ықпал етемін;
— Ауылдағы шағын жолдарды жасау немесе жөндеу жұмыстарын жандандыратын боламын;
— Халықтың әлеуметтік осал тобына қолдау көрсетіп, демеушілер тартамын.


25 июля- выборы акима Бескайнарского,
Бесагашского, Алатауского, Панфиловского сельского округа Талгарского района

Алматинская область, Талгарский район,
кандидат акима Панфиловского сельского округа
АБДРАЙМОВ ЖАСУЛАН
БЕКУЛАНОВИЧ

БИОГРАФИЯ

Я, Абдраймов Жасулан Бекуланович родился 19 февраля 1978 года в селе Текес Райымбекского района Алматинской области. Образование высшее. Окончил Казахскую государственную академию спорта и туризма, получил специальность педагога-преподавателя и спортивного тренера. В 1995 году начал трудовую деятельность рабочим в крестьянском хозяйстве «Орнек». С 2001 года работал преподавателем физической культуры и тренером по спорту в средней школе имени К. Шорманова в селе Текес. В 2005 году переехал в г. Алматы, где стал преподавателем физической культуры в городской школе №33. Затем в 2007 году в индустриальном колледже г. Алматы. В 2009 году работал в ТОО «Trevor Express». В 2013 году работал преподавателем в колледже «Әділет» г. Алматы, в 2015 году в средней школе № 37. С 2016 года по настоящее время работаю в Казахской головной архитектурно-строительной академии. Женат, отец воспитывающий пятерых детей.

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Если я буду избираться акимом села, то в ближайшие четыре года:
— Открою спортивные площадки в каждом селе, поддержу спорт;
— Поскольку наша деревня является сельскохозяйственным регионом, я внесу свой вклад в развитие сельского хозяйства и окажу поддержку крестьянам;
— Способствую выделению средств из бюджета на решение проблемы освещения улиц без освещения;
— «Мертвые не разбогатеют, а живые не обеднеют», — я взялся за вопрос об ограждении кладбища в селе;
— Принимаю участие в решении проблемы питьевой воды;
— Займусь вопросом выделения земли под строительство новой мечети и рассмотрю варианты обновления старой мечети;
— Способствую укреплению межнациональных отношений, налаживанию сотрудничества;
— Буду возрождать работы по созданию или ремонту малых дорог в селе;
— Поддержу социально уязвимые слои населения, привлеку спонсоров.