СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕНГІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС  АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді анықтауы тиіс.

Комплаенс-қызметтердің негізгі міндеті — тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, бұл ұйымның «қорғаушы – кеңесшісінің» көп функциялы ұстанымы екенін атап өткен жөн. Ол ережелердің сақталуын талдайды, тәуекелдерді анықтайды, тәуелсіз тұлға бола отырып және тікелей бірінші басшыға немесе директорлар Кеңесіне бағына отырып, олардың ұйымның операциялық қызметіне және қаржылық жағдайына әсер ету ықтималдығын азайтады.

Оның компаниядағы мәртебесі өте жоғары, өйткені комплаенс-офицер әрбір үдерістің стандарттарға және өзге де реттеуші талаптарға сәйкестігін тексереді, халықаралық контексті ескереді, қабылданған қағидаларды бұзбай қызметті қалай жүргізу керектігін айтады, сондай-ақ жауапкершілік туралы хабарлайды, ұйымдастыру қағидаларының, корпоративтік мәдениет постулаттарының және бизнесті жүргізудің этикалық нормаларының сақталуын қадағалайды.

Комплаенс қызметі барлық процестердің ортасында және оның қызметкерлері ұйымның барлық бөлімшелерімен өзара әрекеттеседі. Ол құрылымдық бөлімшелердің әдеттегі функционалынан тыс «соқыр аймақтардың» пайда болуына жол бермейді.

Айта кету керек, Компаленс институты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Осыған байланысты, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибені қолдану мақсатында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ағымдағы жылдың басынан бастап Алматы облысының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларының 220 ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс лауазымдарын енгізді.

Комплаенс институты халықаралық тәжірибеге кеңінен енгізіліп, өзінің маңыздылығы мен тиімділігін көрсетті, өйткені нормалар мен заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу компанияларға салдарын түзетуден гөрі арзанға түседі. АҚШ Бас прокурорының бұрынғы орынбасары Пол МакНалти айтқандай: «Сақталмаудың бағасы өте жоғары. Егер сіз Комплаенс қымбат деп ойласаңыз, сәйкес келмеуге тырысыңыз»