Төл мерекеге арналған тәлімді істер

Төл мерекеге  арналған тәлімді істер

Қазақстан Республикасының полициясы күніне орай Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің Күзет бөлімі РММ-нің қызметкерлері Есік қаласындағы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған «Даңқ аллеясына» барып, әріптестерін еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар ерлікпен қаза тапқан әріптестерінің өмір жолымен танысты.

Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай және ҚР Президентінің 2017 жыл 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Алматы қаласы бойынша ҚАЖД және оған бағынышты мекемелердегі қызметкерлердің рухани мәдениетін тәрбиелеу және қоғамдық сананы арттыру мақсатында Күзет бөлімі РММ-нің қызметкерлері М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрына барып, Исраиыл Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты мюзикл-қойылымын тамашалап қайтты. «Вальс королі» атанған әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың рухына арналған қойылымда басты рөлді сомдаған актерлық құраммен және кино саңлақтарының шығармашылығымен танысып қайтты.

А.Карабаланов,
әділет майоры