ANTIKOR.LIVE: ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ АРҚЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ

ANTIKOR.LIVE: ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ АРҚЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын iске асыру шеңберiнде, 2021 жылғы 16 маусымда «AntikorLIVE» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба бойынша «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Қазбек Шакишев тiкелей эфирге қатысып, «Жобалық менеджмент арқылы сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Тікелей эфир аясында комплаенс қызметінің тиімділігі, ISO 37001 стандартын енгізу туралы атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, эфир аясында Қазбек Шакишев эфир аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың табысты шетелдік практикалары туралы және Академия филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтып берді.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемесі арқылы көре аласыз:

https://www.facebook.com/anticorruption.almatyoblysy/videos/1412578959122935

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті