Оқуға құштар мектеп

Оқуға құштар мектеп

Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі. Кітап оқуға жас оқырмандарды тәрбиелеу барысында жан-жақты болып қызмет жасау маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алғаны белгілі. Осы орайда Кендала ауылындағы №42 мектептің директоры А.К.Абаканова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды басшылыққа алып келеді.

Кітап ең жақын дос болғандықтан ол жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа баулу өте маңызды екені белгілі. Қоғамды қалыптастыратын жастардың қызығулығын арттыруда өтілген іс-шараларға қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдер және сынып жетекшілері атсалысуда. Мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Мен кітапты жақсы көремін» атты челлендж ұйымдастырылса, ал бастауыш сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне саяхат», «Кішкентай ақылды балапан» ертегісін оқып, бейнебаянын көріп талдау жасады. Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында отбасымен отырып кітап оқуды үрдіске айналдырдық. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын арттырып, оқуға құштарлығын қалыптастыруда мектеп кітапханасының маңызы айрықша орын алады. Кітапхана білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған кітапханалар кітап сүйер қауымның сүйікті мекені болып қала береді.

И.Ауғанбаев,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары