Жаңа басшы қызметіне кірісті

Жаңа басшы қызметіне кірісті

Талғар ауданы әкімінің 2021 жылдың 9 маусым күнгі №06-256 тағайындау туралы өкімімен Айтқожақова Гүлжан Дәуренбекқызы «Талғар ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы қызметіне тағайындалды.

Гүлжан Айтқожақова 1967 жылы туған. Білімі жоғары. 1989 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы қаласындағы филиалын тәмамдаған. 2005 жылы Орта Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Шамалған нан шығару комбинатында инженер болып бастаған. 1991-1998 жылдары аралығында Шелек кооператив өнеркәсібі комбинатында еңбек етіп, 1998-2007 жылдары аралығында Талғар аудандық ішкі сая­сат бөлімінің бас маманы, бастығы лауа­зымдарында қызмет атқарды. 2007 — 2012 жылдары аралығында Талғар аудандық мәслихат аппаратының басшысы, 2012-2018 жылдары «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің жалпы бөлімшесінің бас маманы болып еңбек етті.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы қызметінде болды.

Талғар ақпарат