Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 80%  Жетісу жерінде өндіріледі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 80%  Жетісу жерінде өндіріледі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі, облыстық бюджеттен 3 млрд. теңге  қаражат бөлген, оның ішінде тұрақтандыру қорын қалыптастыруға – 700 млн. теңге және жеңілдік несие беру үшін – 2,3 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Жетісу өлкесінде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 80% өндіріледі.  Сол себептен Тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының  90% Алматы облысының тауар өндірушілерінен алынады.
Өткен жылдан бастап облыстың тұрақтандыру қорына 1 млрд. 227 млн. теңге сомасына 8 743 тонна көлемінде азық-түлік сатып алынды.  Аймақтағы тұрақтандыру қорындағы өнімге сұраныс арттқан. Нәтижесінде 7 400 тонна өнім сатылған. Өткізілген азық-түліктің басым бөлігі 1-сұрыпты бинай ұны болып отыр.
Алматы облысында негізінен 55 наубайхана жұмыс жасайды. Аталған кәсіпорындар өңірдегі  ас атасының бағасын өсірмеу үшін, арзандатылған бағадағы ұнмен қамтамасыз етілген.   Қабылданған шаралардың арқасында 2019 жылдың қарашасынан бастап және 2020 жылдың ішінде наубайханадан нарыққа жөнелтілетін  нанның бағасы бір бөлке үшін 85 теңгеден аспады.
Айта кетейік, тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар  азық-түлік тауарлары нарықтағы бағаммен салыстырғанда   10-15% төмен  бағамен сатылады.
«Бүгінгі күнге тұрақтандыру қорында 1 278 тонна өнім бар. Аталған тауарлар, Талдықорған қаласындағы  коммуналдық базарда төмен бағады сатылымға шығады. Облыстың тұрақтандыру қорынан Ақсу қант зауыты өндірген құм-шекерді келісі 207 теңгеден, Балқаш ауданының күріш өсіретін қожалықтарынан сатып алынған күрішті  210 теңгеден, Қапшағай қаласында «Маревен Фуд Тянь-Шань» кәсіпорыны өндірген макаронды 185 теңгеден, Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің картоп өнімін 80 теңгеге, ал  пияздың келісін 70 теңгеден  сатып алуға болады»,-дейді Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары  Алмира Ибраимова.
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша аграрлық өнімнің тұрақты сатып алыну және өткізу жүйесін жолға қою, сондай-ақ ӘМАТ бағасын көтерілмеуі үшін 2020 жылы «егістіктен сөреге дейін» бағдарламасы бастау алған болатын. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді.
         Пилоттық жоба аясында, қант өндірісі үшін тәтті түбірді өсіретін шаруа қожалықтарына, ағартылған күріш өндірушілеріне, сүт, жұмыртқа және көкөніс өнімдерін өндірушілерге жеңілдетілген несие беріліп, кәсіпкерлердің тауарлары облыстағы сауда орындарындағы сөреге  орналастырылған болатын.
         Үкіметтің тарапмынан берілген несие, шаруалардың ісінің алға басуына өз септігін тигізіп келеді. Сәйкесінше, фермерлер мен өндірушілер тарапынан жеңілдетілген несие алуға сұраныс арттқан. Аталған механизм бойынша жұмыс жалғаспақ.
Jetisy Media