Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат
«Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 2021 жыл басынан әлеуметтік қорғау саласы бойынша негізгі көрсеткіштерінің орындалуы жөнінде келесіні хабарлайды:
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді Бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік көмек беруге жергілікті бюджеттен 2021 жылдың I-тоқсанына 340,9 млн. теңге бөлініп, қаражат 91% игерілді, оның ішінде тек әлеуметтік жәрдемақы төлеуге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға гигиеналық құралдар мен жеке қызмет көрсетуге жыл басынан 310,3 млн.теңге жұмсалды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1797 отбасына, 9183 алушыға 269,3 млн теңге берілсе, оның ішінде Талғар қаласы бойынша 485 отбасына, 2301 алушыға – 75,6 млн. теңге, ауылдық елді-мекен бойынша 1312 отбасына, 9882 алушыға – 193,8 млн. теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілетін кепілдік әлеуметтік пакеттерге 65,2 млн. теңге төленді.
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға әлеуметтік қолдау ретінде 92 отбасына 2,1 млн. теңге, әлеуметтік көмек ретінде туберкулез ауруына шалдыққан 71 науқасқа 2,9 млн. теңге төленді.
Біржолғы материалдық көмек Ауған соғысына қатысқан 170 азаматқа 8,5 млн.теңге қаржы төленді. 6 ҰОС ардагерлерінің коммуналдық қызметтеріне әлеуметтік көмек 0,2 млн теңге төленді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
— өз бетінше жүре алмайтын 1-ші топтағы 323 мүгедекке 323 жеке көмекші, ыммен сөйлесетін 6 маман — 78 мүгедекке қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төмендегідей құралдармен қамтамасыз етілді:
Электрлі қол-арба – 6 адамға (6 дана);
гигиеналық құралдар 135 мүгедекке;
денсаулығын түзетуге шипайжайға жолдама 72 мүгедекке берілді;
«Инватакси» қызметі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 36 мүгедекке 293 тапсырыс бойынша қызмет көрсетілді.
Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамту және жұмыссыз ретінде жәрдемақы алу сұрақтарымен 1622 жұмыссыз азаматтардан өтініш келіп түсті, оның ішінен 754 адам әр саладағы кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орнына – 61 адам жіберілді, қоғамдық жұмыстарға — 534 адам тартылды, жастар практикасы — 20 адам жіберілді.
2021 жыл басынан аудан бойынша Жұмыспен қамту Орталығы арқылы 43 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, 6 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 35 мүгедек қоғамдық жұмысқа, 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Әр салада жыл басынан 801 жаңа жұмыс орындары ашылды оның ішінде – 186 тұрақты (ауыл шаруашылығында – 30 көтерме және бөлшек саудада — 81, басқа салаларда — 75), 615 адам уақытша жұмыспен қамтылды.
Аудандық Мемлекеттік Зейнетақы төлеу орталығының мәліметі бойынша мүмкіндігі шектеулі 730 бала тіркеуде тұр.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығын басшылыққа ала отырып мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетеді.
Медицина қызметкелерінің мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет 95 балаға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Әр мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қорытындысы жасалып тұрады. Жыл сайын жеке жұмыс жоспары бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Ол мониторингте балалардың өзгерістері айқындалып, оның ішінде оңалған нәтижелері де байқалып отырады.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасы бойынша «АҚжол М» Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл Қайрат кентіндегі мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлім орталығына 3, «Нұр Әлем Company» күндізгі бөлім орталығына 4 мүмкіндігі шектеулі балалар жіберілді.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 15 әлеуметтік қызметкері 93 жалғызбасты қарастығы жоқ зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді.
Бекітілген мемлекеттік Стандарт бойынша халыққа бөлім арқылы 15 түрлі мемлекеттік қызмет 4126 адамға көрсетілді.
Талғар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі