Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін лауазымды тұлғалар 300 мың теңге айыппұлмен жазаланады

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін лауазымды тұлғалар 300 мың теңге айыппұлмен жазаланады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жумабаев жемқорларға ықпал ететін қылмыстық-құқықтық шаралар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар арсеналындағы жалғыз қару бола алмайды және болмауы тиіс деді.

     «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан маңызды саналатын, мемлекеттік орган басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін Кодекстің 680-бабы – аталған лауазымды тұлғаларға 100 АЕК көлемінде, бұл шамамен 300 мың теңге айыппұл салуға әкеп соғады» — деді Ж.Жумабаев.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамау – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда белгіленген бірқатар талаптарды білдіреді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басшылардың тікелей қарамағындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі, квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтерді міндетті түрде енгізу.

     «Тиісінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қолданыстағы заңнамада қарастырылған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шаралар қабылдамайтын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларына әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға уәкілетті», — деді ол.