2021 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтікқызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астамқызмет алды

2021 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтікқызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астамқызмет алды
Ағымдағы жылдың басынан бастап Әлеуметтікқызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудыңтехникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6,5 мыңыымдау тілі қызметін, 30,8 мыңыжекекөмекшінің қызметін, 12 мыңысанаторлық-курорттық емдеуді алды және 26,4 мың адамкепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әріәлеуметтік топтама) алуды ресімдеді.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудыңтехникалық құралдары мен қызметтерін өндірушініжәне жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндікбереді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетінқызметті алушының электрондық цифрлыққолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалыққұралдарын жеткізу немесе өз бетінше алып кету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарыменқамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық жәнегигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларберуді қамтиды.
2021 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6,5 мыңыымдау тілі қызметін, 30,8 мыңыжеке көмекшіқызметін, 12 мыңысаноторлық-курорттық ем алды.
Сондай-ақ, портал арқылы 26,4 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды ресімдеді.
Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылытелефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылыоңалту құралдарымен және қызметтеріменқамтамасыз етуге 5,3 мың құжат проактивті түрдересімделді.
Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметкөрсететін 1394 медициналық-әлеуметтік мекеме(бөлімшелер), ОТҚ 764 жеткізушісі, 12 мыңнанастам жеке көмекші қызметін, 564 ымдау тілін, 79 санаторлық-курорттық емдеуді, 207 кепілдікберілген әлеуметтік топтаманы жеткізушітіркелген.
2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Электрондықүкімет порталында (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерінкөрсетуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі іскеасырылды. Оңалту құралдарымен жәнеқызметтерімен қамтамасыз етуге арналған 14,8 мыңнан астам құжат Электрондық үкімет порталы арқылы ресімделді.
Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталына59 208 мүгедектігі бар адам және «қамқоршы» мәртебесі бар 61 594 адам кірді.
2020 жылы портал арқылы ОТҚ-ның 24 түрінсатып алу мүмкіндігі берілді. Оны 16,3 мыңнанастам адам пайдаланды, оларға 28,8 мыңоңалтудың техникалық құралы берілді.
Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдар жекеіріктеуді талап етпейтін ОТҚ-ның 74 түрін сатыпалу мүмкіндігіне ие. Мысалы, киюге арналған түрліқұрылғылар, жаялықтар, тазартқыштар.
Бұдан басқа, Портал арқылы жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтеріне жәнесанаторлық-курорттық емделуге тапсырыс беругеболады. Сондай-ақ, табысы аз отбасылардыңкепілдік берілген әлеуметтік топтама алумүмкіндігі бар.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізуМүгедектігі бар адамдардың құқықтарынқамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартужөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде көзделген.
Call-орталықтан 1411 нөмірі арқылы Порталдыпайдалану бойынша кеңес алуға болады.