Теріс пиғылды ағымдардың зардабы

Теріс пиғылды ағымдардың зардабы
Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан студент жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі саналады.
Жуырда 23 ақпан күні Талғар  медициналық колледжі студенттермен «Теріс пиғылды ағымдардың зардабы»  тақырыбында кездесу  өтті. Кездесуге Райымбек  және Талғар ауданы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі дінтанушы мамандар Т.Қалиұлы мен Н.Қамбарұлы қатысты.
Кездесу барысында теолог мамандар тақырып аясында кеңінен түсінік беріп, ілеспе түрде    арнайы дайындалған слайд көрсетіліп отырды. Теріс бағыттағы діни ұйымдардың қауіп-қатері мен  олардан сақтанудың жолы жайында мол мағлұмат алған колледж студенттері шара соңында өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Келесі күні дін мамандары  Талғар  политехникалық колледжінде студенттерімен «Теріс ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары» атты тақырыпта кездесу өткізді. Кездесуге Райымбек ауданы бойынша  теолог маман Т.Қалиұлы және Талғар ауданы бойынша дінтанушы маман Н.Қамбарұлы қатысты. Тақырыптың аты айтып тұрғандай лаңкестік,  дәстүрлі діннің атын жамылған деструктивті немесе теріс пиғылды  діни ағымдардың қоғамның ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін залалы түсіндіріліп,  осындай жат ағым өкілдерінің арбауы мен ықпалынан   сақтанудың жолдары кеңінен сөз болды.  Кездесу барысында колледж студенттеріне арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, тақырыпты қамтитын маңызды мәліметтер баяндалды. Кездесу соңы ашық пікір алмасуға ұласып, жастар тарапынан  қойылған сұрақтарға мамандар жауаптар берді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.