Келелі кеңестің берері мол

Бүгін Алматы облысында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Өңірлердегі Министрлік күндері» шеңберінде стратегиялық сессиясы өтіп жатыр. Аталмыш сессияның семинар-кеңестері online форматта өтуде. Бірінші кезекте «Азаматтық қоғам саласы» бойынша семинарт өтіп, онда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру жобаларын іске асыру тұрғысындағы мәселелер ортаға салынды. Содан кейін «Дін саласына» кезек берілді. «Дін саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында ой өрбіген семинар жұмысы да өз деңгейінде өтті. Ал, «Жастар және отбасы саясаты саласында» жастар және отбасы саясаты саласындағы өзекті мәселелер талқыға салынса, «Этносаралық қатынастар саласы» бойынша өткен семинар-кеңестерде көптеген тақырыптар көтерілді. Атап айтқанда, «ЭҚДК мен ЖАО-ны ұйымдастыру-әдістемелік қолдау және өзара іс-қимыл мәселелері, 2021 жылға арналған жоспар бойынша» тақырыбында, «Қандастарды бейімдеу және интеграциялау мәселелері жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» тақырыбында, «Қоғамдық келісім» РММ мен КММ-нің ҚХА құрылымдарымен жұмыс істеуінің бірыңғай тұжырымдамасы, этносаралық саладағы 4 базалық жобаны іске асыру туралы» тақырыбында, «Қазақстан өңірлеріндегі этносаралық саладағы талдамалық жұмыс» тақырыбында семинарлар өтіп, сала мамандарының ортақ ойлары, пікірлері, жоспарлы жұмыстары талқыға түсті. «БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат аясында» бағыты бойынша «Журналистерді аккредиттеудің жаңа қағидаларының негізгі ережелерін түсіндіру және Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020- 2021 жылдарға арналған арнайы жоспары шеңберінде жоспарланған жұмыс» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, журналистер қауымының да ой-пікірлері, ұсіністары тыңдалды. «Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласында» бағытында «Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің ведомствоішілік мониторингі және оны бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтсе, «Ақпаратты қамтамасыз ету саласында» бағытында «Қазтелерадио» АҚ қызметінің телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын пайдалану және дамыту, қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету бөлігіндегі бағыттарын түсіндіру бойынша онлайн кездесу ұйымдастырылып, Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелерін түсіндіру бойынша онлайн кездесу өтті. Жоспарланған бағыттар бойынша ұйымдастырылған семинар-кеңестер жоғары деңгейде өтіп, қатысып отырған барлық сала мамандары мен жастар өз ойларын ортаға салып, түрлі ұсыныс-тілектерін білдіріп, жүйелі жобаларын ұсынды. Осындай келелі кеңесітердің қашанда берері мол болмақ.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ