Тәлімді кеш

Тәлімді кеш

Талғар ауданына қарасы Түрік лицейінде оқу орнының білім алушыларымен «Арлы азамат-адал азамат» атты дөңгелек үстел өтті. Оған ауданымыздың «Құрметті азаматы», аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Жұмағыз Бұтабаева қатысты. Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың жат әдеттен ада болуы, еңбексүйгіштікке, білімге деген құлшыныстарын арттыру көзделді. «Жетісу-адалдық алаңы» жобасының ақпараттық-ағартушылық штабы жұмысы аясында өткен аталған шарада қатысушылар өз ойларын білдіріп, Жұмағыз Әшімбекқызының зейнетке дейінгі еңбек жолымен танысып, рухани тәлім тәрбие алды.

«Талғар-ақпарат»