Жемқорлықтың жолын бірге кесейік!

«Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Басқосу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтін жемқорлықтың басты себептері айқындалып, оны болдырмаудың жолдары талқыланды. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігі айтылып, заңға енгізілген өзгерістер туралы айтылды.
Қылмыстық кодекстің 367-бабында («Пара беру») мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға немесе лауазымды тұлғаларға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін құны 2 АЕК асатын сыйлықтар тарату қылмыстық әрекет болып танылып, жауапқа тартылатындығы айтылған.
Жиынға белсене қатысқан ауылдық округ мамандары мен қызметкерлері ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті. Мұндай жиындар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Ұлболсын Нұрғазықызы,
«Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы