Партия төрағасының орынбасары тағайындалды

Партия төрағасының орынбасары тағайындалды
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың және партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша және партия Жарғысының 9.3 тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен Аслан Нұрахметұлы Кубентаев партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталовтың атынан филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева жаңа қызметке тағайындылған Аслан Нұрахметұлын филиал ұжымына таныстырып, сәттілігін тіледі.
Аслан Кубентаев бұл лауазымға дейін, 2019 жылдан бері аталған саяси ұйымның Сарқан аудандық филиалында төрағаның бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2013 жылы Сарқан ауданының жастар орталығында бөлім кеңесшісі қызметінен бастап, 2014 жылдан Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісін қызметін атқарып келді. 2015  жылдан «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалында есеп және статистика секторының меңгерушісі, одан әрі 2016 жылдан Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығында жетекшілік етті.

Талғар-ақпарат