«Адал ұрпақ» жемқорлыққа жол жоқ

«Адал ұрпақ» жемқорлыққа жол жоқ

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,

Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,

Сонда ғана жер гүлденер,ел байып,

Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз

Жас ұрпақты адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Нұра ауылдық округіне қарасты Өстемір ауылының №14 орта мектебінде «Адал ұрпақ» жемқорлыққа жол жоқ атты сурет байқауын өткіздік. «Ел боламын десең бесігіңді» түз дейді дана халық сол себепті жас ұрпақтың бойына жемқорлықтың зияндығыны насихаттап, онымен жастайынан күресудің маңыздылығын түсіндіру бізге міндет деп білемін. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .

 

Нұра ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі

әдіскер нұсқаушы

Кеңесбаева Гүлназ Ізбасарқызы