Алматы облысының белсенділері өз таңдауын жасады

Алматы облысының белсенділері өз таңдауын жасады

Ағымдағы жыл ел үшін айтулы сәттен бастау алуда. Биліктің мінберінен төбе көрсететін саңлақтарды айқындау басталды. Сөз, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау туралы болып отыр.  Мұндай маңызды сәтте Алматы облысының белсенді азаматтары да қалыс қалмақ емес. Соның бірі Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Елдар Сапаров, деп хабарлайды  «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы.

«Сайлауға қатысу тек ақ жағалыларға ғана тән нәрсе емес. Бұл тұтас ұлттың мойнына артылған жауапкершілік. Болашақ бағытыңды айқындайтын уақыт. Сондықтан да, бұл біз бен сіздің азаматтық парызымыз. Ел жастарының арасында патриоттық сезімді нығайтатын бірден-бір құрал десек  артық айтқандық емес. Бүгінгі сайлауға ҚР азаматы ретінде қатысып отырмын. Менің сайлау учаскесіне келіп өз таңдауымды жасауым, ортақ кемел келешекке бастар жолдың бірі боларына сенімдімін»,-дейді Елдар Сапаров.
Бұл күні, лайықты көшбасшыны анықтау үшін, дауыс бергендердің бірі, Бейбіт Мұсаев.  «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпазы, дәстүрлі әнші отан алдындағы парызымды өтедім дейді.
«Кімге дауыс беретінімді әлдеқашан шешіп қойған едім. Қасиетті жеріміз бен оның иесі –елдің болашағы үшін таңдау жасадым.  Жерлестерімді бүгінгі сайлауға қатысуға шақырамын. Өйткені, біздің балаларымыздың, жақындарымыздың және жалпы еліміздің болашағы сіздердің дауыстарыңызға байланысты. Енжарлық танытпайық»,-деп өз ойын білдірді.
Айта кетейік, елдің ертеңіне тамшыдай болса үлесін қосу үшін жергілікті кәсіпкер Елдос Баялышбаев, 2008 жылғы олимпиада ойындарының жүлдегері, қазіргі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Амандық Баталовта өз таңдауын жасағанын атап өткен жөн.
Айта кетейік, Алматы облысында 1053 сайлау учаскесі бар.  Биылғы сайлауға 5 саяси партиядан, 312 кандидат дауысқа түсуде.

Талғар-ақпарат