Халық кандидаттарын өзі таңдайды

Халық кандидаттарын өзі таңдайды

САЙЛАУ

«Отан деген не? Ол оның өзіндік мәдениеті, оның тілі, оның мінез-құлқы, ол сол халық жасайтын ревалюциялардың, тарихи секірістердің, оның тарихи желілерінің тізбегі» – деп ұлы ойшыл-жазушы Лев Толстой айтпақшы, 2021 жылғы 10 желтоқсанда заң шығару билігін жүзеге асыратын және тұрақты негізде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне, облыстық, аудандық мәслихатқа депутат ұсыну науқанының қазір қызған шағы.

«Темірді қызған кезінде соқ» – демекші, бұл күндері «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл», «Адал», «Қазақстанның халық партиясы», «Nur Otan» партиялары күні-түні сайлауалды бағдарламаларын халыққа таныстырып, халықтың риза­шылығын алуға ұмтылуда. «Адам-қоғамдық, мемлекеттік ортақ мүдделер мен бүкіл адамзатқа неғұрлым пайда келтірген сайын, соғұрлым кемелдене түседі» – деп бір ойшыл айтқандай, қазір халық та көп нәрсені ұғып қалды. Өзі ұсынатын кандидаттың азаматтығы мен іскерлігіне, біліктілігі мен сайлауалды бағдарламасының өміршеңдігіне зер салады. Халық – бәріне сыншы. Бәрін сараптап, ақыл тезіне салады.
Осы аптада аудандық Мәслихат депу­таттығына «Nur Otan» партиясы атынан кандидат ретінде өзін ұсынған Талғар ауданы әкімінің көмекшісі Мұхит Әлібеков «Әділет» базарының басшысы кәсіпкер Дастан Тұрлыбеков, туризм саласының маманы Александра Дауылбаева, «Ла­биринт» қонақ үйінің директоры Әйгерім Маукеева, ТОО «RK STROH» кәсіпорнының директоры Шыңғыс Жамановтар қаладағы электр жарығымен қамтамассыз ететін мекеменің қызметкерлерімен кездесті. Байқайсыз ба, аудандық мәслихатқа өзін депутат ретінде ұсынғандардың бәрі де қоғам өміріне белсене араласып жүрген білікті азаматтар. Жиынды сөз сөйлеп ашқан аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Күрішбеков «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп отырған бес азаматтың еңбек жолындағы атқарған жұмыстарына шолу жасады. «Қоғам қажетін ойламай тұрып, жеке адамның қажетін білу мүмкін емес» – деп ұлы педагог А.С.Макаренко қалай біліп айтқан. Осы кездесуде сөз тізгінін ұстаған кәсіпкер Шыңғыс Жаманов аудандағы жастар арасындағы кәсіпкерлікті өрістету мәселесі жөнінде тың ойларымен бөліссе, Александра Даурбаева әсем қала Талғардағы туризм саласын жандандыру жөнінде әңгіме өрбітті. «Асыл – тастан, ақыл – жастан» демекші, осы кездесуде өрелі ой тамызығын тұтатып, аудандық мәслихатқа депутат ретінде өзін ұсынған әрбір кандидаттың халық сенімінен шығатынына сенім білдірген аудан әкімінің көмекшісі Мұхит Әлібеков жиын соңын тағылымды пікірімен қорытындылады.

Тұрсынбек Жалғасбаев,
«Талғар»