Қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдау өтті
14 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жаслан Айғалиев аудан халқын жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылдап, әлеуметтік көмек көрсетті. «Біз күрделі жағдайды бастан өткердік. Бірнеше ай бойы төтенше жағдай мен карантин режимі сақталды. Кәсіпорындар мен бизнес жұмыс істемеді. Қазіргі таңда экономиканы қалпына келтіру үдерісі жүріп жатыр. Аталған жұмыс аясында дағдарысқа қарсы шаралар топтамасы және экономиканы жандандыруға, жұмыс орындарын сақтауға және ашуға бағытталған кешенді жоспарлар қабылдануда. Біз азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз етуге, осылайша олардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында барлық мүмкіндікті қарастырамыз. Сондықтан да жұмыспен қамту мәселесі біз үшін аса маңызды» — деп сөз түйіндеген үміткер қарапайым халықтың тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуіне жағдай жасалуын қадағалайтынын айтты. Азаматтардан көкейіндегі көп сұрақтың жауабын беріп, барлық мәселелер оң шешімін табатынын жеткізді. Алдағы саяси додада сайлауға қатысыуға шақырды.

Талғар-ақпарат