Алматы облысында 131 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алматы облысында 131 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

9-желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні. Мемлекеттік тұрғыдан маңызы бар іс қоғамның әр саласындағы салмақты орнын жоғалтқан емес. Бұл ретте Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті де қарқынды жұмыс жасауда.  Аталған департамент сәйкесінше, 11 айыда жүргізілген жұмыстың аралық қорытындыларын  «Jetisy Media» ақпараттық алаңында баяндады.

 Депатрамент көбіне көп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша мемлекеттік сатып алу саласында мониторингтік жұмыстар жүргізуге басым назар аударған. Жүргізілген мониторинг аясында Департамент облыстық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау бойынша тиісті шаралар қабылдады. Соның арқасында Алматы облысының бюджеті бүгінгі күні 2 млрд.448 мың 480 теңге сомасында үнемделді.
Жыл басынан бері Департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 12 сыртқы талдау жүргізіліп 194 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 17 мониторинг жүргізілді. Оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалар мен бағыттар айқындалған. Сондай-ақ, департаментпен 2020 жылдың 11 айында 293 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 83,6% — дан астамы немесе 245 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар ауырлық дәрежесі бойынша негізінен ауыр және аса ауыр қылмыстар ретінде сараланады, оларға 62% немесе 152 қылмыс тиесілі.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 131 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 31 бірінші басшы: республикалық маңызы бар – 1, облыстық маңызы бар – 7, қалалық – 8, аудандық – 12, ауылдық – 3.
55 адам сотталды, оның ішінде бас бостандығынан айыруға — 4, шартты жазаға – 1, өзге де шараларға — 8, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып – 436,1 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салуға-42 адам сотталды.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 4,9 млрд.теңгені құрады, 4,2 млрд. теңге немесе 85,7% өтелді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша 289,4 млн. теңге мүлікке тыйым салынды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — заңнаманы жетілдіру, заңсыз байыту және басқа да игіліктер алу мен сыбайлас жемқорлық жолдарды жоспарлы түрде жою жөніндегі тынымсыз жүйелі жұмысты қамтиды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — бұл бүкіл азаматтық қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және нығайту» деп атап өтті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары — Жандос Жұмабаев.
 
Талғар-ақпарат