Кербұлақ ауданында «Сервистік әкімдік» ашылды

Кербұлақ ауданында «Сервистік әкімдік» ашылды

«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында Алматы облысы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында кезекті «Сервистік әкімдіктің» ашылуы өтті. Орталықтың салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Садықов Асқар Жұмаханұлы және өңір басшылығы қатысты.

Өткен жылы Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жариялап, билік пен қоғам арасын байланыстырушы көпір ретіндегі азаматтардың сұраныстарына шұғыл әрекет жасайтын мемлекеттік органдар құру қажет екендігін атап өтті.
 «Сервистік әкімдікте» 9 маман мемлекеттік қызмет көрсетеді, «Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Кербұлақ ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы», «Кербұлақ аудандық білім бөлім», «Кербұлақ ауданының жер қатынастары бөлімі», «Кербұлақ ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Кербұлақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Кербұлақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Кербұлақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі», «Кербұлақ аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» саласында 64 мемлекеттік қызмет түрлері қолжетімді.
«Сервистік әкімдік» жобасының қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру, бұл өз кезегінде қызмет алушылардың уақытын, күш-жігерін, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Себебі бұрын тұрғындарға қызмет алу үшін елді-мекеннің түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерге бару қажет болатын.
Сонымен қатар, «Сервистік әкімдік» тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасау, дер кезінде азаматтардың сұраныстары мен сұрақтарына жауап беру мүмкіндігін береді.
Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тиісті шараларды қабылдау үшін, қызмет алушылармен кері байланысты орнатады.
Оған қоса, «Сервистік әкімдік» ғимаратында барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Күту залында ыңғайлы орындықтар, кондицинер, суға арналған диспенсер мен ақпараттық теледидар орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыш ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «сервистік әкімдік» жанынан «ЖЕТІСУ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» кеңсесі жұмыс істейді.
Өткен жылдан бастап облысымыздың аудандары мен қалаларында 18 сервистік әкімдік ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық аудан әкімдіктерінің жұмысын «OPEN SPACE» форматына көшіру жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті