«Egov.kz жаршысы» семинары өтті

«Egov.kz жаршысы» семинары өтті
Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік беретін механизм. Электрондық үкімет порталы және мобильдік қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша халықтың сандық сауаттылығын арттыру, әр түрлі жастағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарына көмектесу мақсатында Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен  2020 жылдың 11 қараша күні Талғар ауданы ауылдық округтерінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушыларымен және ерікті жастармен бірге, Талғар аудандық кітапханасының оқу залында «Egov.kz жаршысы» семинары өтті. Семинар барысында әдіскер нұсқаушыларға, ерікті жастарға Egov.kz порталы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни негізгі мақсат- халыққа электронды үкімет порталы арқылы үйден шықпай-ақ, кезекте күтпей-ақ керек анықтамаларды алуға болатынын түсіндіру. Сонымен қатар Талғар ауданында БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы аясында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен және әкімдіктің қолдауымен «Egov.kz жаршысы» акциясы өтіп жатыр. Бұл акция жүйелі түрде, әр ауылдық округте апта сайын өз жалғасын табуда.
 Мария Сермаханова,
Талғар ауданы жастар ресурстық
орталығының маманы