Алматы облысы «Open Space» кеңселерінің саны бойынша көш бастап тұр

Алматы облысы «Open Space» кеңселерінің саны бойынша көш бастап тұр

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындыларымен бөлісті. «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында өткізілген есепті жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та қатысты, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ANTIKOR LIVE»  жобасын іске асырып жатқаны баршаға мәлім. Жоба шеңберінде нақты уақыт режимінде облыс тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы соңғы жаңалықтар жеткізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру барысы туралы айтылады. Сонымен қатар, » ANTIKOR.LIVE » баспасөз-мәслихаттарын облыстың мемлекеттік органдарының өкілдерімен ұйымдастырылады, олар да өз қызметтері туралы әңгімелейді және өңір азаматтарын толғандыратын сұрақтарға жауап береді.
«ANTIKOR LIVE » жобасының негізгі мақсаты мен міндеті»- тікелей эфирлер арқылы азаматтар мен мемлекеттік органдар үшін диалог алаңын құру, сондай – ақ мемлекеттік органдар қызметінің толық ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету», — дейді Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Мақажанов.
Осы бағытта Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы 10-нан астам жобаны іске асыруда. Олар: «Жетісу-адалдық алаңы», «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Сапалы жол», «Адал жол», «ашық бюджеттердің интерактивті картасы», «бизнес пен инвестицияларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу», «Адал көмек», «жақсылық акселераторы».
Open Space саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Облыс бойынша осындай кеңселер саны-325. Бұл жұмыс форматы облыстың жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелері мен колледждерінде белсенді қолданылады.
Сонымен қатар, тікелей эфир аясында өңір басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Облыс әкімі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты міндеті – мемлекеттік органдардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру, өтініш берушілермен жұмыс істеу тәсілдерін өзгертуге түрткі болған кедергісіз орта қалыптастыру екенін атап өтті.
«Мемлекеттік қызметтерді бір ғимаратта, облыстың қалалары мен аудандарының әртүрлі бұрыштарында орналасқан бөлімдерді іздемей алу үшін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында өткен жылдан бастап Талдықорған қаласында және облыстың 13 ауданында «Сервистік әкімдіктер» жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін осындай сервистік әкімдіктер өңірдің барлық аудандары мен қалаларында ашылатын болады»,- деді Амандық Баталов.
Сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жетісу – адалдық алаңы» кеңселері жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Smart city» шеңберінде кедергісіз орта және барынша ашықтық қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін «Open Taldyqorgan» жобасы іске қосылды, «E-KSK», «Қатысу бюджеті», «Е-билеттеу! жақында іске қосылатын болады».
Сонымен қатар, Амандық Баталов БАҚ өкілдеріне Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы туралы айтып берді.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл іс-шара Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру болып табылады, оның аясында мемлекеттік органдар қызметінде ашықтық пен қолжетімділік саясаты қамтамасыз етіледі.
Талғар-ақпарат