АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ANTIKOR.LIVE ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ANTIKOR.LIVE ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сервис орталығының алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ANTIKOR.LIVE жобасы аясында тікелей эфирге қатысты.

Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов 2020 жылдың 9 айында Департаменттің жүргізіліп жатқан жұмысы туралы баяндады.
Тікелей эфирдің модераторы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаев болды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық сектормен өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын қолданады. Осындай жаңа форматтың бірі – «ANTIKOR.LIVE» аымдағы жылдың наурыз айынан бастап іске асырылатын жоба. Жоба шеңберінде тікелей эфир режимінде облыс тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы соңғы жаңалықтар жеткізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру барысы туралы айтылады. Сонымен қатар, «ANTIKOR.LIVE» жобасына облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері шақырылады, олар да өз қызметтері туралы әңгімелейді және Алматы облысының азаматтарын толғандыратын сұрақтарға жауап береді.
Жобаның негізгі мақсаты «ANTIKOR.LIVE» — тікелей эфирлер арқылы азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында диалог алаңын құру, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, ANTIKOR.LIVE жобасының тікелей эфир барысында, Ернар Мақажанов қазіргі заман шындығы мен қоғам қажеттіліктерінің басымдығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағыты болып табылатынын атап өтті.
Осы бағытта Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы 10-нан астам жобаны іске асыруда. Олар: «Жетісу-адалдық алаңы», «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Сапалы жол», «Адал жол», «ашық бюджеттердің интерактивті картасы», «бизнес пен инвестицияларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу», «Адал көмек» және т.б.
Бұл жобалардың негізгі мақсаты-мемлекеттің түрлі салалар мен бағыттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу шеңберінде Департаменттің күшімен қыркүйек айында мемлекеттік сатып алуға жүргізілген мониторинг шеңберінде 1 млрд.483 млн. 914 мың 735 теңге сомасына мемлекеттік бюджет үнемделді. Жалпы ағымдағы жылдың басынан бері облыс бойынша 2 млрд.413 млн. 015 мың 127 теңге сомасында бюджет үнемделді.
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Департамент Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп «Сервистік әкімдік» жобасын іске асыруда. «Сервистік әкімдік» жобасының жұмыс принципі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарды бір жерге шоғырландыру және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Бұл жұмыс форматы тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді бір ғимаратта, елді мекеннің әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда облыста 15 сервистік әкімдік жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Алматы облысы Open Space – 325 ашық алаңдарының саны бойынша көш бастап тұр. Бұл жұмыс форматы облыстың жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелері мен колледждерінде белсенді қолданылады.
Азаматтық сектормен өзара іс-қимыл шеңберінде Департамент жанында ақпараттық-ағартушылық штаб құрылды. Штаб өз қызметін Халықпен сындарлы диалог құру және кең ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды өткізу арқылы парасаттылық қағидаттарын тарату мақсатында жүзеге асырады.
Жыл басынан бері штаб облыс бойынша түрлі форматта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, 90-ға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Адалдық пен парасаттылыққа шақыратын 40-тан астам бейнеролик түсірілді.
«Протектинг бизнес энд инвестментс» («Protecting Business and Investments») бизнес пен Инвестицияларды қорғау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба шеңберінде Департамент 630 млрд.теңгеден астам сомаға инвесторлармен 43 келісімге қол қойды. Жыл басынан бері кәсіпкерлер мен инвесторлардан 114 өтініш келіп түсті, олардың 103-і бойынша көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жыл басынан бері халыққа тегін заң көмегін көрсету мақсатында «ADAL KÓMEK» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында 194-тен астам эфирлер өткізілді және 150 мыңнан астам қараулар қамтамасыз етілді, 1600-ден астам өзекті мәселелерге түсініктемелер берілді.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы шеңберінде Департамент жалпы сомасы шамамен 1 трлн. теңге, 969 мемлекеттік ұйымдар ақпаратты толтырды. Бұл ретте облыстағы ұйымдардың жалпы саны 1707 бірлікті құрайды, бұл ел бойынша ең көлемді болып табылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тиімді шараларының бірі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу болып табылады.
Жыл басынан Департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 8 сыртқы талдау, 14 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалар мен бағыттар анықталды (жер қатынастары саласы, салттық қызметтер көрсету саласы, ауыл шаруашылығын субсидиялау саласы, спорт мекемелерінің қызмет саласы).
Бүгінгі күні жүргізілген талдау жұмысының қорытындысы бойынша 10 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (7-сыртқы талдау бағыты бойынша, 3-мониторинг бағыты бойынша).
*********************
Тікелей эфир аясында облыс әкімі БАҚ өкілдеріне Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Облыс әкімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты міндеті – мемлекеттік органдардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру, өтініш берушілермен жұмыс тәсілдерін өзгертуге түрткі болған кедергісіз ортаны қалыптастыру екенін атап өтті.
Мемлекеттік қызметтерді бір ғимаратта, облыстың қалалары мен аудандарының әртүрлі бұрыштарында орналасқан бөлімдерді іздемей алу үшін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында өткен жылдан бастап Талдықорған қаласында және облыстың 13 ауданында «Сервистік әкімдіктер» жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін осындай сервистік әкімдіктер өңірдің барлық аудандары мен қалаларында ашылатын болады.
Сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жетісу – адалдық алаңы» кеңселері жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Smart city» шеңберінде кедергісіз орта және барынша ашықтық қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін «Open Taldyqorgan» жобасы іске қосылды, «E-KSK», «Қатысу бюджеті», «Е-билеттеу! жақында іске қосылатын болады».
Сонымен қатар, Амандық Баталов БАҚ өкілдеріне Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы туралы айтып берді.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл іс-шара Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру болып табылады, оның аясында мемлекеттік органдар қызметінде ашықтық пен қолжетімділік саясаты қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаменті