Текелі қаласында амфитеатр бой көтермек

Текелі қаласында амфитеатр бой көтермек

Бүгінде Текелі қаласының орталық саябағында 228 орындық амфитеатр салынып жатыр. Бұл туралы көшпелі баспасөз-мәслихаты барысында Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов мәлім етті, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».

Бүгінде нысанда 25 адам және 3 бірлік арнайы техника жұмыс істейді. Амфитеатр аяқталу сатысында, дайындық деңгейі 97%.
-Бұл жер тұрғындар үшін сүйікті орындардың біріне айналады, болашақта мұнда тұрғындардың бос уақыты үшін іс-шаралар өтеді.  Бөлінген қаражат — 158,7 млн.теңге. Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда, — деді Текелі қаласының әкімі батыр Молдахметов.
-«Асан М Компани» ЖШС мердігерлік компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгінде барлық жұмыстар белсенді қарқынмен жүргізілуде, нысан бекітілген кестеге сәйкес пайдалануға беріледі.
Талғар-ақпарат