Заманауи талаптарға сай жаңарған емхана

Заманауи талаптарға сай жаңарған емхана

 Мемлекеттің басты байлығы халқы. Ұлттағы баға жетпес құндылық ұрпағының саулығы.

«Дені сау ұрпақ- елінің болашағы» деген сөз бар. Кемел келешек иелеріне әсте кеселдің құрығына ілігуге болмайды. Осы ретте, билік медицина саласының дамуына бар күшті салды.
Ескелді аудандық орталық ауруханасы 1968 жылы салынған. О, баста 120 төсек- орынға арналған. Стационар 2019 жылы күрделі жөндеуден өтті.
«Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС емханаға екінші тыныс сыйлауды өз қолдарына алған екен. Аталмыш мердігер компания 873 млн. 416 мың 231 теңгеге келісім- шарт жасасқан.
Аурухананы жөндеуге 72 адам, 5 техника ат салысты. Стационардың емдеу корпусында арматуралау үшін кірпіш қабырғалары мен қалқалардың  ескі сылағы түсіріліп, сыртқы және ішкі қабырғалар қайтадан  сыланды. Сыртқы жылу трассасы салынып,кәріз жүйелері де жасалынған.
Орталық аурухана негізінде 580 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта да жас мамандар қатары толыға түспек.
Науқастар үшін керектінің бәрі бар. Барлық құрылғылар соңғы үлгіде. Емханада 15 өкпені жасанды желдету аппараты мен 39 оттегі концентраторы бар. Дәрі қорыда жеткілікті.
«Алғашқы көмек көрсету орныда жасақталды. Еңбек күші артты. Мемлекетімізге рақмет, аса ауыр да жауапты салаға қолдау көрсетіп келе жатқанына. Бұдан әрі ұлт денсаулығының сақшылары ретіндегі қызметімізді қалтқысыз атқаратын боламыз»- деді ШЖҚ МКК «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» директоры Роза Ибраева.
«JETISÝ MEDIA»