Мүгедектерге кресло-арбалар қалай беріледі?

Мүгедектерге кресло-арбалар қалай беріледі?
Мүгедектерге кресло-арбалар беру?
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
?ХҚО арқылы:
?ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
?Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
?Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.
?Мобильді топты шақырту арқылы:
?»1414″ бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.
?Сізге қажетті құжаттар:
?Жеке басыңыздың куәлігі;
?Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
?Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
?Мүгедектігі жайлы куәлік;
?Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
?Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.
?Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.
?Қызмет нәтижесі:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.
☝️Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.
《Азаматтарға арналған үкімет》 мемлекеттік корпорациясы》
КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Талғар аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі