Алакөл ауданының шағын аграрлық округінде 33 шаруа қожалығы бар

Алакөл ауданының шағын аграрлық округінде 33 шаруа қожалығы бар

«Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында өткізілген баспасөз-мәслихаты өз жалғасын табуда, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».

Осыған орай, бүгінгі кезекті баспасөз-мәслихаты Ақжар ауылдық округінің әкімі Елес Жапарғалиев округтің 9 айлық көрсеткіші тақырыбында өткізілді.
Округтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін ауыл шаруашылық  саласы құрайды.  Бұл салада 1 сенім серіктестігі мен 33 шаруа қожалық еңбек етеді.
 Округ бойынша  ауыл шаруашылық  жерлер  көлемі 11 мың 576 гектарды құрайды.  Ағымдағы жылы 6062 гектар жер игерілді. Олар: 1219 га – күздік бидай, 3269 га — арпа әр гектарынан 26 центнерден, 500 га – жаздық бидай әр гектарынан 22 центнерден, 20 га — майлы дақылдар әр гектарынан 8,5 центнер, 108 га — картоп, көкөніс, бақша өнімдері, әр гектарынан 191 центнер, 946 га — азықтық дақылдар гектарынан 60,4 ц/ өнім жиналды.
Мал  шаруашылығы саласына келер болсақ,  округтегі ірі  қара мал саны –2025 бас, ұсақ мүйізді мал  – 21 мың 348 бас, жылқы — 772 бас,  шошқа 322 бас және құстар — 8724.
«Жазылбеков и К» сенім серіктестігі асыл тұқымды бағытындағы шаруашылық ретінде етті-сүтті бағыттағы  мал бастары көбейтуде деп мәлімдеді ауылдық округ әкімі Елес Жапарғалиев.
 «Алатау» тұқымды 500 бас, «Қазақтың ақ бас» тұқымды — 400 бас, «Қазақтың биязы жүнді» қойы — 10730 басты құрайды.   Мал бордақылау алаңына 2000 бас ұсақ мүйізді және 180 бас ірі қара малын қою жоспарланған.
Карантин уақытында «Жазылбеков и К» СС аудандық ауруханаға жасанды тыныс алу аппараты сатып алынып берілген.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы 75 отбасыға азық-түлік себеттері таратылған.
«Жас ұлан» тобы құрылып, ауыл жастары жалғыз басты қарттарға тұрмыстық көмек көрсетуде.
Округ бойынша жеке және заңды тұлғалардан қабылданған өтініштер саны 5, барлығы жер телімін заңдастыру бойынша толығымен жауап берілген. Сонымен қатар, округтегі мекемелерде   орналасқан  өзіне-өзі қызмет көрсету «Egov.kz» порталы арқылы 245 қызмет көрсетілген.

Талғар-ақпарат