Mitsubishi-дің үлесін Nissan сатып алды

Mitsubishi-дің үлесін Nissan сатып алды

Әлемдік ірі автоконцеріндерден Жапонияның «Nissan» автомобиль компаниясы бәсекелесі «Mitsubishi-дің» 34% үлесін сатып алды. Компанияның ресми мәлімдемесіне сай, жасалған келісімшарт негізінде саудаланған акция 237 миллиард жапон иеніне, яғни 2,29 миллиард АҚШ долларына бағаланған. Сөйтіп, «Mitsubishi» компаниясының негізгі бақылау пакеті «Nissan-ның» иелігіне көшті.

investing.com жазғандай, жапондық екінші үлкен автомобиль өндірушісі Nissan бұл сатып алу арқылы жанармай дауымен күресіп жүрген Mitsubishi-ді скандалдан құтқарып, шынайы түрде компанияны толықтай бақылауына алды.