Бюджет қаражаты қайда жұмсалады?

Бюджет қаражаты қайда жұмсалады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасые құру мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде.

Бүгінгі күні Карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды.
Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек.
Аталған Карта нақты уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді халыққа қолжетімді нысанда көрсетеді, осылайша мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Алматы облысының мемлекеттік органдары мен ұйымдары жұмсалған 1 трлн. теңге бюджет қаражытын Картада жариялады.
Өз кезегінде, Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі барлық мүдделі азаматтарды онлайн режимде Карта мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға шақырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің

Превенция және парасаттылық басқармасы