Талғар еріктілері экосумка тігуде

Талғар еріктілері экосумка тігуде

Волонтер жылы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту саласында волонтерлер қызметіне тарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету, экологиялық волонтерлер қозғалысымен өзара әрекеттесу.

 «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру барысында «Экоэволюция» экологиялық жобасын іске асыру үшін мен грант иегері атандым. Грант мөлшері 300 000 теңгені құрайды. Жоба 2020 жылғы 30 қазанға дейін іске асырылады. Грант ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантының қаражаты есебінен берілді. Осындай тамаша мүмкіндікке ие болуға мұрындық болған,  Республика бойынша конкурсты ұйымдастырушы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына алғысымды білдіремін. Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жанына құрылған еріктілер тобы  жоба аясында  сатып алынған тігін машинасында табиғи таза экосумкалар тігіп,  жалғызілікті қарттарға, көп балалы отбасыларға тегін таратты.

Замира Қалымбетова,

грант иегері