Бағдарлама қоғам бақылауында

Бағдарлама қоғам бақылауында

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №162 қаулысымен «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бекітілгені баршаға мәлім. Бағдарлама жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу сияқты міндеттерді алға тартады. 

Сол міндеттерді жүзеге асыра отырып, Талғар ауданында бірқатар шаруалардың басы қайырылды. 2020 жылы аталмыш бағдарлама бойынша 1 млрд. 306,7 млн. теңге бөлініп, ауданнан 192 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы аудан бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына 1 жоба, орташа жөндеу жұмыстары бойынша 17 көше және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 32 көшенің қаржылық шығындары есептеліп ұсынылған болатын. Барлық көрсетілген көшелерге қаражат қарастырылып, бөлініп берілді. Бүгінде аудан бойынша 41 км жол жасалып, күрделі жөндеу жұмыстарына 106,169 млн. теңге, орташа жөндеу жұмыс­тарына 465,210 млн. теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 301,855 млн. қаражат бөлініп, толық игерілді.
Он бірінші қыркүйекте аудан әкімінің орынбасары Қайдар Әбдіханов бастап, қоғамдық кеңес мүшелері, атап айтар болсақ, қоғамдық кеңес төрағасы Қалимолда Байболов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Мария Сиқымбаева, аудандық мәслихат депутаты Амангелді Сембаев, Беларусь этномәдени орталығының же­тек­­шісі Жанна Третьяк, басқа да қо­ғам белсенділерімен бірге бітуге таяу қалған тас жолдардың жұмыстарымен танысып шықты. Аталмыш жиында Талғар қаласының әкімі Т. Нұрмолдаев, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Досжанов пен тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы А. Шамаев та бой көрсетті.
Қоғамдық кеңес мүшелері Алатау ауылдық округі Қызыл-Қайрат ауылы, Абай көшесі, Алматы каналынан өтуге арналған көпір және Рысқұлов ауылы Берегова, Островский көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарынан бастап танысып шықты. Айтулы жобаның құны 198,8 млн. теңгені құрайды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 30 адам жұмысқа тартылып, 4,9 шақырымды құрайтын жолдың 90 пайызы орындалған. Сондай ақ, Алатау ауылдық округінде тартылып жатқан су құбыры жұмыстарымен де танысты. Сегіз шақырымды құрайтын бұл су құбырына 1 миллионға жуық қаржы бөлінген. Су құбырының жұмысы қазан айының аяғында толық аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Райымбек көшесінің ұзындығы 1,8 шақырым жол мен арық жүйесінің жұмыстарына 13 адам жұмыл­дырылған болса, ұзындығы 0,65 шақырым Тұяқбай көшесі мен 0,430 шақырым арық жүйесінің жөндеу жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылған. Көше жарықтары тартылып, бір айдың көлемінде ел игілігіне берілмек.
Абылайхан көшесінің ұзындығы 3,1 шақы­рым жол мен 1,223 шақырым жаяу жүргінші жолын жөндеуге 11 адам, Нахимов көшесіндегі ұзындығы 0,29 шақырымды құ­рай­­тын автомобиль және жаяу жүргінші жол­дарын жасауда 3 адам жұмыспен қамтылған.
Ал жастар көшесінің ұзындығы 0,8 шақырым көлік жолы мен 730 метрлік жаяу жүргіншілер жолының жөндеу жұмыстарына 5 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмылдырылса, 15 адам сырттан қосылып еңбек етуде. Бұрын соңды жол түспеген Жастар көшесі мектепке дейін ұзартылып, халық игілігіне берілген.
Одан бөлек қоғамдық кеңес мүшелері Автобаза ықшамауданы мен Лермонтов кө­ше­сіндегі көпқабатты үйлердің ара­сын­дағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарның жұмысын бақылады. Аулалардың абаттан­дырылуын ба­ғалады.
Аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта қаланың орталық көшелерінің жарық жүйелері толығымен ауыстырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілетіндігін тілге тиек етті.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылауға негізделген мемлекеттік нысандардың жұ­­мы­­­сымен танысуы келесі күндерде де жалғасын тапты. Ауданымыздағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан және аяқталған бір қатар нысандарды аралады. Ең алдымен аудандық мәдениет үйінің жылыту жүйесімен танысты. Жылыту жүйесін жөндеуге 35 млн. 746 мың теңге бөлініп ашық конкурс нәтиежесінде «SILK ROAD CONSTRUCTION» ЖШС жұмыс жасауда. Аудандық мәдениет және тілдерді басқару бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаеваның айтуынша, қосымша 14,5 млн. қаржы мәдениет үйінің жылыту жүйесін газ құбырына қосу үшін бөлініп, жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
Сонымен қатар, Талғар қаласындағы облыстық арнайы мектеп-интернатына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Аталмыш нысанды жөндеуге 544 млн. 908 мың теңге бөлінген. Мамыр айында басталған бұл нысанның жұмыстары қыркүйектің аяғында аяқталып, қазан айынан бастап оқушыларды қабылдауға дайын. Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы орындалып,сытқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Балалар моншасы, жатахана, спорт зал, асхана барлығы заманауи үлгіде салынып, қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Сыйымдылығы 250 оқушыға арналған интернаттың құрылысын «Нұр-Шапағат құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізуде.
Сонымен бірге аудандық он мектептің ішкі әжетханалары ағымдағы жөндеуден өткен. Қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылға арналған «Жұмыспен қамту Жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде инфроқұрылымдық жоспарлар жөнінде атқарылып жатқан жұмыстардың бары­сына баға беріп, өз ойларымен бөлісті. Олқылықтар мен кемшіліктерін сынға алып, өз тараптарынан ұсыныстарын жеткізген қоғам белсенділері араға уақыт салып қайта қадағалауға шығатындарын айтып тарқасты.

 

  Айнаш Әлдибек
тілші