Алматы облысында 50 медициналық ұйым жоспарлы емдеуге жатқызуды қайта бастады

Алматы облысында 50 медициналық ұйым жоспарлы емдеуге жатқызуды қайта бастады

2020 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. Бірінші кезекте, ауруханаға жатқызуды республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникалар, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі көп бейінді ауруханалар COVID-19-мен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыспайтын қалған стационарларды кезең-кезеңімен қоса отырып жүргізе бастады.

       2020 жылдың 10 тамызына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Алматы облысында медициналық сақтандыру қорының 50 медициналық ұйымы жоспарлы медициналық көмек, оның ішінде терапевтік, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, хирургиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, акушерлік-гинекологиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық бейіндер, торакалдық хирургия, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді. Жоспарлы медициналық көмек қызметтерін жеткізушілердің толық тізімімен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында танысуға болады. Тізбе үнемі өзектендіріліп отырады.

    Әр аймақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты әр түрлі болатын жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастаудың жеке жоспарын жасап, оны аймақтық штаб бағалайтын болады.

Карантиндік шектеулерге байланысты көптеген медициналық қызметтер жоспарлы түрде тоқтатылған болатын. Енді олардың қайта жандануымен жоспарлы медициналық көмекті тұтынудың айтарлықтай өсуі күтілуде. Қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды өткізгеннен кейін медициналық ұйымдарға стационарлар ашуға рұқсат беріледі. Медициналық қызметтерді тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, үшінші тоқсанда ағымдағы жылға жоспарланған көлемдер орындалуы мүмкін.

 

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

  КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы