Карантин тағы екі аптаға созылды

Карантин тағы екі аптаға созылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Талғар-ақпарат.

«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы — өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» деп жазды Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Үкімет шілде айына 42,5 мың теңгеден қайта төлейтінін мәлімдеді.

«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді» дейді президент желідегі жазбасында!

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ