Елбасы үндеуі

Елбасы үндеуі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Талғар ақпарт , Tengrinews сайтына сілтеме жасай отырып .

«Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны орын алып жатыр.

Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу — Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның – әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр.

Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Біз береке-бірлік пен тұтастықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін», — .

8 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза тұттыу күні болып жарияланатынын айтып өткен болатын.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 59 мыңнан асса, оның ішінде, 375 адам қайтыс болған.

                                                                                                                                                                Талғар ақпарат