Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі

Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20751 болып тіркелді.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау, Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетіледі.
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.
Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі; кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін (бұдан әрі — тізбе) қалыптастырады, оны бір жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында, www.egov.kz сайтында орналастырады және » Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) мәлімет үшін ұсынады. Тізбеде алдағы кезеңде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың және/немесе олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы (мәслихат) жыл сайын көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі жұмыс органы болып табылады.
Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырма шартын жасасады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеуге арналған қаражат бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі — Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

 

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  4. жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  4. жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  5. сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы
  6. куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

Кредиттік бюродан есеп;

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  4. жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  5. сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

 

Кредиттік бюродан есеп.
Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы, еңбек қызметі бойынша, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді және құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация толық құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге бір жұмыс күні ішінде жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорацияда өтініш пен құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды беру күні әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке алу және кезектілікке қою туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі қаулысының жобасын немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке алу және кезектілікке қою туралы қаулысы төрт жұмыс күні ішінде қабылданады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге (мекенжайы және байланыс деректері көрсетілген) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі — Келісім) жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарламасы немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі. Сәтті көрсетілген жағдайда Порталға келісімге қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Бұйрықтың толық нұсқасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе Талғар ауданы әкімінің сайттарында жарияланды.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ