Мерейтой құтты болсын!

Мерейтой құтты болсын!

Құрметті «Талғар» газетінің ұжымы!

Сіздерді 85 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын!

«Талғар» газеті  — Алматы облысындағы байырғы басылымдардың бірі. Өткен 85 жылдың ішінде мерзімді баспасөз аудан халқымен бірге қалыптасу,өркендеу, қиын-қыстау жылдар мен қайта жаңғыру кезеңдерін бастан кешірді. Басылым аймақтың тыныс-тіршілігін, жаңалықтары мен жетістіктерін өз беттерінде жариялап, Талғар өңірінің айнасы бола білді.

Алматыдай үлкен мегаполиспен іргелес орналасқан ауқымды Талғар ауданының облыс үшін маңызы зор. Мұндағы экономиканың барлық салаларының аяқ алысын, еңбек адамдарының ерен істерін, өнегелі тұлғалардың сара жолын, қоғамның бет-бейнесін –барлығын да газеттің сарғайған парақтарынан табуға болады. Заманның  жаршысы болу ұстанымынан танбаған басылым бүгінгі күні де тәуелсіз еліміздің табысты жылдарының  шежіресін тасқа бастырып, сөзбен айшықтап келеді.

Осы ұжымда қаншама ардагер журналист еңбек сіңіріп, басылымның  іргесін нығайтты, қаншама жас тілшінің қанаты қатайып, қаламы ұшталып, биік белестерге қадам басты. Қазіргі кезде де газет уақыт талабына сай ақпараттық жүйені жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті, оқырмандары көп, ойлы жазбалары жетерлік жақсы басылымдар қатарынан көрініп келеді.

Газет ұжымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс, еселі еңбек, береке-бірлік тілеймін! Қашанда денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, қаламдарыңыз жүйрік, ойларыңыз ұшқыр, бастамаларыңыз баянды болсын!

Мерейтой құтты болсын!

Игі тілекпен, Алматы облысының әкімі

 Амандық Баталов.