МАМАНДЫҒЫН МАҚТАН ЕТКЕН

МАМАНДЫҒЫН  МАҚТАН ЕТКЕН

«Əділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян келтірмеу жəне қоғамға пайда келтіру», – деп ұлы ойшыл Цицерон айтқан сөз бар. Шынында да, əрбір адам өмір жолында өзі қалаған мамандықты меңгеріп, халық үшін, ел игілігі үшін еңбек еткенді көздейтіні белгілі. Өйткені адам өзі өмір сүрген қоғамның туындысы. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны бесенеден белгілі жайт. Мамандық жолы – сан тарау.

Талғар аудандық мəслихатының аппаратында жетекші маман болып еңбек етіп келе жатқан Нұргүл Сəкенқызы да осы саланың жілік майын шаққан жандардың бірі. Мəслихатжергілікті аймақтың жай-күйіне жауапты, аудан халқының қалауын, оның ықтиярын жəне қабылданған шешімдердің іске асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілетті орган. «Халық заңды өзінің тірегі, өзін күзететін қабырға – дуал ретінде қорғауы тиіс», – деп грек халқының ойшылы Гераклит айтпақшы, ҚР Конституциялық нормалары мен заңдарын басшылыққа ала отырып, ауданның жылдық жоспарын бекіту, жергілікті бюджеттің кіріс-шығысы туралы есепті бекіту, сессияда қаралатын қаулы қарарлар мен шешімдерді дайындау Нұргүл Тұрлыбаева сияқты білікті мамандардың мойнына жүктеледі. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Есеп жəне аудит бөлімін бітірген Нұргүл Сəкенқызы осының бəрін зор ынталықпен атқарады. Кезінде Кеңес Үкіметін басқарған И.В.Сталиннің: «Бəрін де кадр шешеді», – деген қанатты сөзі бар еді. Қоғамның ілгері басуы – саналы, білікті, ар-ожданы таза жас мамандардың басқаруына байланысты. Жас маман- Нұргүл Тұрлыбаева да соның бірі.

Тұрсынбек ҚОЖАХМЕТҰЛЫ,
«Талғар».