Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам тіркелді

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам тіркелді

Вирус жұқтырғандардың 9 жағдайы Талдықорған қаласында, 3 жағдай Алакөл ауданында, 1 жағдайдан Ескелді және Талғар аудандарында тіркелген, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Барлық 14 науқас  белсенді түрде анықталды, 7  науқас 1987, 1938, 1989, 1989, 1992, 1980, 1982 бұрын  коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған, 7 науқас 2019, 2017,1984, 1991, 2006, 1994, 2016  профилактикалық мақсатпен тексерілді.

Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

27.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында  инфекция жұқтырған 319 адам тіркелген.

 

Талғар-ақпарат