Президент түлектерді ерекше «соңғы қоңыраумен» құттықтады

Президент түлектерді ерекше «соңғы қоңыраумен» құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында түлектерді соңғы қоңыраумен құттықтады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

«Құрметті түлектер! Баршаңызды бүгінгі ерекше жағдайда өтіп жатқан «соңғы қоңырау» күнімен құттықтаймын! Асыл армандарыңыз орындала берсін! Болашақтарыңыз жарқын болады деп сенемін! Жас ұрпақты ғажайып білім әлеміне жетелейтін ұстаздар қауымына қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамын!» деп жазылған құттықтауда.

Талғар-ақпарат