Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 209-ға жетті

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 209-ға жетті

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 3 жағдайы тіркелді, олар – Талдықорған қаласының тұрғындары, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1991, 1997, 1972 жылы туған 3 пациенттің де сырқаты ПЦР-талдауы кезінде анықталған. Алдымен облыстық аурухананың провизорлық бөліміне жеткізілген пациенттер қазір Талдықорғандағы әскери госпитальға ауыстырылды.

Олармен 15 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олар медициналық бақылауға алынып, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Сол сияқты Талдықорған қалалық мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің 18 мамырдағы № 4 қаулысымен облыс орталығындағы Самал шағын ауданы 1-үйге, Ақжазық көшесіндегі 5-үйге, Жандосов көшесіндегі 5-үйге шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар 14 күндік карантин енгізілді. Бұл үйлерде 135 тұрғын бар.

Жалпы Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 209, соның ішінде Талдықорған қаласында 10 болды.

 

Талғар-ақпарат