Жаңа Заң ардагерлерге арналған ерекше сый болды

Жаңа Заң ардагерлерге арналған ерекше сый болды

Жаңа Заң дәл уақытында қабылданды деп ойлаймын. Себебі бұл Заң Жеңіс күнінің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында ардагерлерге арналған ерекше сый болды.

Бұл Заң мәселесі бұрындары да айтылып, жазылып келе жатқан еді. Енді бүгін ол өз күшіне енді. Ардагерлеріміздің жағдайын мемлекетіміз бұрында барынша жасап отырды. Бірақ жаңа заң олардың әлеуметтік жағдайын жасауға көмектеседі. Себебі бұдан бұрын тиісті әлеуметтік жеңілдіктерді ала алмаған санаттағы азаматтардың мәселесі шешімін тапты. Олардың осы күнге дейін мәртебесі айқындалмай келген еді. Енді бәрі өзгерді. Атап айтқанда, ауған соғысы, тәжік-ауған шекарасын күзеткен, Таулы Қарабахтағы ұрыстар, Ирактағы бітімгерлік операциясына қатысқан, Чернобыль апатының салдарын жоюға атсалысқан азаматтарға жәрдемақы қарастырылған.

Әрине ешнәрсе бірден жақсы болып кетпейді. Кез келген қолға алынған дүние, ол жаңа қабылданған Заң болса да әрі қарай жетілдіріліп отырады. Уақытпен бірге толықтырулар енгізілуі де мүмкін. Бірақ ең бастысы негізгі заң бар. Бұл ардагерлер үшін үлкен жеңіс!

Матан Бекбосынов,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.