Бүгін Алматы облысында тағы 13 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды

Бүгін Алматы облысында тағы 13 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды

Бүгін Алматы облысында коронавирустың 13 жағдайы тіркелді. Олардың 7-еуі – Кеген ауданының, 5-еуі – Іле ауданының, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Олар Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандық орталық ауруханаларының инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды.

Індет ошақтары дезинфекцияланды.

Науқастармен байланыста болған 12 адам да медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасады.

Жалпы Алматы облысында бүгінгі күні COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 176-ке жетті, жазылғандар – 40.

 

Талғар-ақпарат