Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік  көмек көрсету туралы

2009 жылдан бастап, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және  тұруға келген мамандарына мемлекет тарапынан  әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы  6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен  мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»  Ережесіне сәйкес мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу немесе   салу үшiн бюджеттік несие беріледі.

Әлеуметтік көмек алу үшін  жоғарыда көрсетілген  мамандардың  бір ауылда тұруы  және жұмыс істеуі қажет.

Әлеуметтік қолдаудың төмендегідей көлемдері анықталған:

жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең (100 АЕК) сомадағы көтерме жәрдемақы;

тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдау –  бір мың бес жүз  айлық есептік көрсеткіштен (1500 АЕК) аспайтын  сомадағы бюджеттік несие.

Мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие сыйақысы несие сомасынан жылдық 0,01 пайыз ставкасымен он бес жыл мерзімге беріледі.

Бастапқы бағдарлама тек әлеуметтік сала мамандарына ғана көзделген болатын. 2012 жылдан бастап жоба ветеринария мамандарымен толықтырылды. 2015 жылы агроөнеркәсіп кешені мамандарының қажеттігіне байланысты жобаға агроном, зоотехник, балық өсіру маманы, технолог, инженер-технолог және фермер мамандықтары енгізілді.

Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі тарапынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылған.

Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн мамандар қажетті құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталығына ұсына алады.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламентінің  толық нұсқасы Талғар ауданы әкімдігінің сайтында жарияланған.

Аталған мемлекеттік қолдауды алу үшін маман жұмысшы органға төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

-өтiнiш;

— жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

—  жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

-көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

 

      2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;

— өтiнiш;

-жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

— жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

— бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

-сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

-көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

— неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

-аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

-өтiнiш;

— жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

— жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

— көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

— неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

— аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

— маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

— кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

-кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

-берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

     Барлық жағдайда, құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

Әлеуметтік көмек алған  мамандар ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік мекемелерінде үш жылдан кем емес мерзімде жұмыс жасауы қажет.

Орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражаты толық көлемінде мемлекетке қайтарылады.

 

 

Талғар ауданының экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі