Вахталық жұмысшылардың тағы бір тобы ұшып келмек

Вахталық жұмысшылардың тағы бір тобы ұшып келмек

Бүгін Теңіз кенішінде істейтін жұмысшылардың тағы бір тобы Атырау – Алматы әуе рейсімен ұшып келмек. Олардың ішінде Алматы облысының 20 тұрғыны бар, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облысқа оралған «Теңізшевройл» ЖШС жұмысшылары Қапшағай қаласы маңындағы демалыс базасына орналастырылып, екі күндік карантинге алынады. Жолаушылардың орналасқан база аумағынан ешқайда шығуына рұқсат жоқ, карантин талаптарының сақталуын арнайы күзет бақылауда ұстайды. Екі күндік карантин кезіндегі олардың барлық бірінші кезектегі қажеттіліктері толығымен қамтамасыз етіледі.

Жұмысшылардан келген бетте коронавирусқа анализ алынады. Және сол тексерулердің қорытындысы белгілі болғаннан кейін, індеттен сау болған жағдайда облыс әкімдігі тарапынан тұрғылықты жерлері бойынша жеткізу жұмыстары ұйымдастырылады.

Талғар-ақпарат