Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ

Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ

Әлемде және елімізде болып жатқан оқиғаға байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Үндеуін жариялады. Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде төтенше жағдайдың 11 мамырға дейін ұзартылатынын ескертіп, халықты тағы да шыдамдылық пен төзімділікке шақырды. Қазақстан халқына бұл кезеңнің оңай тимегенін, алда қойған жоспарларын өзгертуге тура келгенін айта кетті. Карантин жариялау — халықтың денсаулығына, өмір қауіпсіздігіне қажетті шара болғанын мәлімдеді. Мемлекет ешкімді назарынан тыс қалдырмады. Қатаң тәртіптің арқасында кейбір өңірлерде індет тарала қоймады. Бірақ қауіп әлі сейілген жоқ. Елімізде азық-түлік тапшылығы болмайды. Ал білім мәселесіне келетін болсақ, қашықтан оқыту жалғасатындығы жайлы мәлімдеді. Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығы мен өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ екенін айта кетіп, халықпен бірге екенін дәлелдеді. Осындай қиын сәтте ел Президентінің Үндеуін қолдап, елімізді сабырға шақырамыз. Біз №33 орта мектептің мұғалімдері, ата-аналарымыз бен оқушыларымызды және жалпы көпшілікті ел Президентінің Үндеуін түсіністікпен қабылдап, осындай қиын кезеңде бірлікте жұмыла істеген істің қуанышы көп болатынына сенімдіміз! Біз біргеміз!

Құдабай Жазира,

Талғар аудандық №33 орта мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары.